Құбырлары тесіліп, қараусыз жатыр: Ақтөбеде субұрқақтар құрғап тұр

Ақтөбеде жаз басталғалы саябақтарға сән беретін субұрқақтар құрғап тұр. Бір кездері миллиондаған қаржыға салынған орталық көше бойындағы субұрқақтар күтімсіз қалған, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Аптап ыстықта тұрғындарға сая болатын қаладағы субұрқақтардың қазір бірде біреуі жұмыс істемейді. Басқасын айтпағанда қаланың қақ ортасындағы жұртшылық жиі баратын әуенді субұрқақтың істен шыққанына екі жылдан асыпты.

Түрлі-түсті жарықтары көз арбайтын, әуенмен әрленіп су атқылайтын субұрқақтың қазіргі жағдай мүшкіл. Құбырлары тесіліп, қараусыз жатыр. Бұрын айналасында балалар асыр салып ойнайтын болса, қазір ешкім жоқ.

Қаладағы субұрқақтардың барлығының жағдайы осындай. Ал жұртшылық субұрақтардың қосылмай тұрғанына наразы.

«Соңғы жылдары қалада субұрқақтар істемей тұр. Былтыр да әуенді субұрқақ құрғап тұрды. Жалғыз бұл емес, қаланың орталық көшелерінен бірде бір фонтан көрмейсің. Аптап ыстықта субұрқақ сая болады, айналасында балалар ойнайды. Өзге өңірден келген қонақтарды алып барып, суретке түсетін едік. Шыны керек, қазір саябақтарда субұрқақ болмағаннан кейін барғың да келмейді», — деді қала тұрғыны Гүлсім Қадырова.

Ал әкімдік мәліметінше, былтыр қаладағы субұрақтарды жөндеуге 184 миллион теңге бөлініпті. Алайда мердігер мекеме өз ісіне жауапсыз қарап, ешқандай жөндеу жұмысын жүргізбеген. Соңында әкімдік сотқа беріп, бөлінген ақшаны кері қайтарып алған.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Источник: tengrinews.kz

Top.Mail.Ru