Қарасай ауданының мектептері министрлікке неге бағынбайды?

Мектептегі оқушылардың формасына қойылатын талап ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 бұйрығына сай бекітілген. Бұл заңда әр мектеп өз бетінше мектеп формасы үлгісін қалыптастыра алмайтыны, сондай-ақ, оқушылардың мектеп формасына қойылатын талаптар да нақты көрсетілген. Алайда бүгінде білім ордаларының көпшілігі арнайы мектеп формасын қалыптастырып алған. Сол себепті ата-аналар баршаға ортақ министрліктің талабымен емес, арнайы сауда үйлерінен, тігін цехтарынан барып баласын мектеп талабына сай киіндіруге мәжбүр. Мәселен, Қарасай ауданына қарасты Абай ауылындағы №2 орта мектеп 2017 жылдан бері сұр түсті мектеп формасын мақұлдаған. Содан бері ата-аналар Абай мектебінің формасын іздеп, сауда үйінен сатып алуға көшкен. Ал аталған форманы сататындар арнайы келісім бойынша жұмыс істейтіндерін айтты. Сонда бұл министрліктің талабына бағынбай әр мектептің өз бетінше мектеп формасын қалыптастырып, оны бизнеске айналдыруы ма?! Тақырыпты Massaget.kz тілшісі зертеп көрді.

Massaget.kz/Жақсылық Зинешов

Қаскелең қаласындағы «Алатау» сауда үйіне кіріп, Абай ауылы мектебінің формасын сұрасаң болды барлығы екінші қабатты нұсқайды. Ата-аналар арнайы іздеп келген сауда орнына біз де бардық. Аптаның алғашқы күні болса да келушілердің қарасы қалың. Сұр түсті форманың бағасы базардағы бағадан әлдеқайда қымбат екенін байқадық. Мұны ата-аналар да мойындап отыр.

«Мектеп формасын осы жерден келіп аламыз. Балам биыл 5-сыныпқа барады. Бұл жердегі баға базардан қымбаттау. Бірақ басқа жерде сұр түсті біздің мектептің формасы сатылмайды ғой. Амал жоқ аламыз. Бірақ балаңды қатарынан қалдырғың келмейді. Барлығымен бірдей болып жүргені жақсы ғой», — дейді Сайхын.

Massaget.kz/Жақсылық Зинешов

Ата-ана қатарынан қалмасын деп баласы үшін бәрін жасайды. Бірақ дүкен иелері мен мектеп басшылығы бұл жанашырлықты бизнестің көзіне айналдырып алған жоқ па? Сауалды дүкен сатушыларына қойып көрдік. Олардың сөзінше, арнайы мектептермен келісім бойынша тауарды Түркиядан тасымалдайтын көрінеді. Ал ол келісімнің кіммен, қалай жасалатыны жайлы жақ ашпады. Одан әрі сауалымызды да жақтырмады.

Материалдың толық нұсқасын мына жерден оқи аласыздар.

Источник: tengrinews.kz

Top.Mail.Ru