«Инфаркт алған, ұзақ уақыт ауырған, той жасаймын деп жүрген»: биыл өмірден өткен танымал адамдар кімдер?

Қалың көпшілікке сахнадағы өнерімен, әнімен танылған қазақтың кейбір аяулы ұл-қыздары биыл өмірден озды. Олардың қатарында әнші де, актер де, әкім де, ақын да бар. Massaget.kz тілшісі 2023 жылы көз жұмған танымал адамдар кімдер екеніне шолу жасады.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

«Қаржыны тауып қойғанда, бақиға бет бұрып кете бердің»: Асқар Наймантаев өмірден өтті

Танымал актер Асқар Наймантаев та биыл қайтыс болды. Бұл туралы актердің достары әлеуметтік желіде жазды.

«Асқар ағамыз бақиға аттаныпты. Қайран асыл ер… Алла алдыңнан жарылқасын», — деп жазды Ерлан Рысқали Facebook парақшасында.

Фото: Facebook

Асқар Наймантаев — «Тамаша» ойын-сауық отауы арқылы көпшілікке танымал актер. Ол «Домашние войны», «Бастық боламын», «ОрыStar в Шымкентте», «Детектив әже», «Туысқандар», «Бұйымтай», «Өсекшілер» «Внуки в ауле» комедиялық сериалдарында, Сатыбалды Нарымбетовтың «Аманат», Бақытас Санитастың «Тезек» фильмдердінде ойнады.

Өнердегі, өмірдегі достары кейінгі күндері оның денсаулығы нашарлағанын да жазды.

«Денсаулығыңа араша түсудің қамына кірісіп, дәрігерлермен де келісіп, жанашыр жанның арқасында алғашқы қажетке жаратар қаржыны да тауып қойғанда бақиға бет бұрып кете бердің, құрдасым-оу… Күйікке толы күрсініс, өзек толы өкініш, өкпеде өксік, қабырғам сөгіліп, жаным езіліп тұр…», — деді Бекжан Тұрыс.

45 жаста еді: биыл әнші, актер Марат Оразметов өмірден өтті

Биыл белгілі әнші, актер Марат Оразметов қайтыс болды. Бұл туралы танымал өнер адамдары әлеуметтік желілерде хабарлады.

Фото: Instagram

«Марат құрдасым, үзеңгілес бауырым. Алла рахымына алсын. Төбемнен жай түскендей болып отырмын. Жаның жәннатта болсын», — деп жазды Алтынай Жорабаева.

Айта кетейік, Марат Оразметов — ҚР «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, актер және әнші.

73 жасында танымал ақын Несіпбек Айтұлы өмірден озды

Биыл белгілі ақын Несіпбек Айтұлы қайтыс болды. Бұл туралы айтыскер ақын Дәулеткерей Кәпұлы әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

Фото: Halyq Uni

Айта кетейік, Несіпбек Айтұлы 1950 жылы Шығыс Түркістанның Тарбағатай аймағында туған. Ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты (2012ж), Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2011), «Парасат» орденінің иегері (2004). Таңдамалы жеті томдығы «Фолиант» баспасынан (2015 жылы) жарық көрген эпик ақын.

2001 жылдан бастап Астана қаласына қоныс аударып, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде, Президенттік Мәдениет орталығында қызмет істеген.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Источник: tengrinews.kz

Top.Mail.Ru