«Қабырғалар жарылып, үйіміз құлайын деп тұр». Алматы облысының тұрғындары жанайқайын жеткізді

Үйлердің қабырғасы сөгіліп, құлауға шақ тұр. Алматы облысында баспаналарының маңынан автокөлік көпірі салынған 4 үйдің тұрғындары шарасыздықтан не істерін білмей отыр. Бір жағынан теміржол өтсе, енді бір жағына көпір салынған үйлердің жалғыз шығар жолы да жекенің меншігінде екен. Бұқара осыдан 4 жыл бұрын «үйлерің сүріледі» деген хабар алғанымен, «жер қатынастары бөлімінен жағдайымызды сұрап келген жан баласы жоқ» дейді. Ал жергілікті әкімдік мәселеден тіпті бейхабар. Амалы таусылған ағайынның арызын Massaget.kz тілшісі тыңдап қайтты.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыз.

Фото: Massaget.kz \ Жақсылық Зинешов

Бұл аумақтағы жер учаскелері 2011 жылдары сатыла бастапты. Темір жолдың іргесіне шамамен 10 шақты үй қоныс тепкен. Алайда үйлерінің дәл іргесінен көпірдің құрылысы басталып, тұрғындардың үйі қызыл сызықтың үстінде қалып қойған. Құрылыс жұмыстарының кесірінен баспаналарының қабырғасы сөгіліп, іргетасы жарылыпты.

Фото: Massaget.kz \ Жақсылық Зинешов

«2012 жылы үй салып көшіп келдік. Ол кезде ешқандай қызыл сызық деген болмаған. Жол түседі деген кезде 2 үйді бұзды. Көпір құрылысы кезінде 35 метрден жерді тесті ғой. Сол кезде 4 үйдің қабырғалары жарылып бастады. Қазір құлауға шақ тұр. Біздің қазір газымыз жоқ. Көмір жағып отырмыз. Электр желісінің барлығын өзіміз ақша жинап тартып алдық. Газ жүргізейік деп әкімдікке барсақ «көпірдің құрылысы бітпей сіздерге газ жоқ» деп шығарып салады. Не сүрілетіні туралы ақпарат айтпайды. Сүрілмейтін болмаса газ бен жарықты жөндеп тартып берсін», — дейді Зәуреш Боранбаева.


Фото: Massaget.kz \ Жақсылық Зинешов. Ауыл тұрғыны Зәуреш Боранбаева. Жасы жетпіске таяған әже аяғының ауырғанына қарамастан көмір тасып, от жағатынын айтты

Фото: Tengrinews.kz

2019 жылы Шамалған ауылындағы Ақсеңгір өткелінде жолаушылар тасымалдайтын автобус теміржол үстінде көлік кептелісіне тұрып қалып, пойыз тоқтай алмай автобусқа келіп соқтығысқан болатын.

Фото: Massaget.kz \ Жақсылық Зинешов

Осы оқиғадан кейін шенеуніктер дәл осы автокөлік көпірін салуға шешім қабылдаған еді. Алайда көпірдің түбіне салынған 6 үйдің екеуін сүріп, қалған төртеуін елеусіз қалдырыпты. Қызыл сызықтың үстінде орналасса да «бар жағдайды жасап береміз» деп құрғақ уәдемен қатырыпты.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыз.

Источник: tengrinews.kz

Top.Mail.Ru