«Ер-тоқымның бағасы — 3 млн теңге». Қолөнер шебері былғарының пайдасы мен зияны туралы айтты

Жанұзақ Исабаев бірнеше аспапты меңгерген өнерлі азамат. Жеті жылдан бері былғары өнерімен айналысатын оның қолынан шыққан бұйымдарға қазақстандықтармен қатар шетелдіктер де тапсырыс береді. Massaget.kz тілшісі бұл өнердің қыр-сыры туралы шебермен сұхбаттасты.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

«Ең арзаны 25 мың теңгеден басталады»

Ол бұл өнермен 2017 жылдан бастап айналыса бастаған.

«Негізі бұл өнердің саласы көп. Атап айтсақ, аяқ киім, әмиян, ер тоқым жасау, неше түрлі саласы бар. Соның ішінде мен былғарыдан аяқ киім тігу саласын меңгердім. Осы саланы үйреткен ұстазым бар, жалпы Ресейден үйрендім. Ал былғарыға ою түсіру, сөмке, белдік жасауды youtube желісі арқылы көріп, сол жақтан үйреніп алдым. Былғарыға ою салудың түп негізі суретшіліктен басталады. Бұл қабілет әкемнен тараған. Кішкентай кезімде әкем қаламмен сурет, портрет салатын. Кейін бұл талант былғары өнеріне ұласты», — дейді шебер.
Былғарымен жұмыс істеудегі басты ерекшелік — ою түсіру.

«Кейін сол оюларды импровизация жасап, модерн стилін этникалық стильмен ұштастыра отырып, түрлі стилистикалық нұсқаларын ойлап табамын. Өзгелер халыққа қолжетімді етіп істейді. Ал менде элиталық вип сигмент, әркімнің қолы жете бермейді. Ең арзаны — белдік, әмиян бұйымдары 25-30 мың теңгеден басталады. Ал ер-тоқымдар 3-4 млн теңге тұрады. Себебі, мен экологиялық тұрғыда таза, химия қосылмаған былғарыны қолданамын. Бұл былғарылар баяғыдан бері қолданылып келеді. Мұны біздің ата-бабамыз да қолданған. Шетелдіктер де бірнеше жылдан бері алып жүр», — деді шебер.

Фото: жеке архив

«Жасанды былғары ауруға шалдықтырады»

Кәсіптегі негізгі ұстанымы — халыққа өте көркем, өте сапалы парсы қолөнеріндей туынды дайындау.

«Яссауи бабамыз бұйымдарды шығыс шеберлеріне жасатқан. Мен де сондай ең әдемі дүниені халыққа бергім келеді. Ер-тоқымнан бастап, садақ, белбеу, әмиян, сөмке, барсетка, жол сөмкесі, портфель, спорттық аяқ киім, мәсі, қобыз салатын қоржын, білекке тағатын белдік, етік, жалпы жасайтын нәрселер көп», — деді ол.

Фото: жеке архив

Шебер таза, химия қосылмаған былғарының пайдасы көп екенін айтты.

Фото: жеке архив

«Таза былғарының денсаулыққа жақсы әсері бар. Қазіргі таңда көпшілік тұтынып жүрген былғарының көбісі хромдап иленген. Бұл — химикат. Себебі неше түрлі жазылмайтын аурулардың клеткаларын қоздырады. Сол үшін өзім таза былғары қолданамын. Бір жағы пайдалы, екінші жағы өмір бойына шыдамды. Былғарыға қолмен ою түсіргесін әдемі көрінеді, әрі көңіл күйге жақсы әсер етеді», — деді ол.

«Түркиядан, Мәскеуден алдыртамын»

Жанұзақ Исабаев бұл өнермен айналысу арқылы өз идеясын әлі де аша түскісі келетінін айтты.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Источник: tengrinews.kz

Top.Mail.Ru