Малдас құрып отырудың қандай пайдасы бар?
Қазақ халқының отыру әдебінен бір ерекшелікті байқауға болады. Ол — малдас құру. Massaget.kz тілшісі малдас құрып отыру денсаулыққа қаншалық пайдалы екенін білу мақсатында 20 жылдық тәжірибесі бар жоғары санатты невролог Гүлзат Досқарамен сұхбаттасты.
«Малдас құрып отыру» тіркесінің мәні қандай?
Жамал Манкеева, Әлімхан Жүнісбек сынды ғалымдар құрастырған «Қазақ әдеби тілінің сөздігіне» сүйенсек, малдас құру тізені ашайта бүгіп, аяғын айқастыра, астына алып отыру дегенді білдіреді.
Невролог не дейді?
«Аталарымыз білген ғой» деген түсінік қаншалықты рас? Малдас құрып отырудың пайдасы бар ма? Ұзақ жылдық тәжірибесі бар маман Гүлзат Жеңісбекқызының сөзінше, расында да бұлай отыру денсаулыққа айтарлықтай оң әсер етеді.
МАТЕРИАЛДЫҢ ТОЛЫҚ НҰСҚАСЫН MASSAGET.KZ САЙТЫНАН ОҚИ АЛАСЫЗДАР!
Источник: tengrinews.kz