«Айлығым 160 мың теңге». Қала тазалығы кімнің қолында?

Алматыға қар түскеннен бастап көшеде қарбалас басталады. Жолдарды тазалап жатқан адамдарды жиі көресіз. Бітпейтін кептеліс қар мен мұздан одан сайын ұзара түседі. Күн суықта бүрсеңдеген адамдар көшеде қоғамдық көлік пен такси күтіп тұрып қалады. Бұған тағы да қала тазалығына жауап беретіндерді кінәлайды. Онсыз да аз жалақыға жұмыс істейтін мамандардың еңбегін елеп, бағалап жатқан кім бар?!

Massaget.kz тілшісі Алматының тазалығына үлес қосып жүрген мамандармен сөйлесіп қайтты.

Бірінші кейіпкеріміздің аты-жөні — Райхан Байдаулетова. Ол осыдан бірнеше жыл бұрын Түркменстаннан көшіп келген. Үш баласы, үш немересі бар. Жолдасы жанармай бекетінде жұмыс істейді. Екі ұлы жұмыста, кенжесі әскери борышын өтеп жатыр. Оның отбасы алғашында Сарығашқа келіп, кейіннен Алматыға қоныс аударған. 15 жылдан бері Алматының тазалығына үлесін қосып келеді.

МАТЕРИАЛДЫҢ ТОЛЫҚ НҰСҚАСЫН МЫНА СІЛТЕМЕ АРҚЫЛЫ ОҚИ АЛАСЫЗ.

Источник: tengrinews.kz

Top.Mail.Ru