«Ет, азық-түлік қымбаттауы мүмкін». Су тапшылығы еліміздің ауыл шаруашылығы саласына қалай әсер етеді?

Биыл Қазақстандағы су тапшылығы әсерінен бірнеше шаруа қожалықтары зардап шекті. Жоспар бойынша нәтиже алмағандықтан, біразы шығынға батты десек те болады. Бұл мәселе ауыл шаруашылығы саласына қандай әсері бар? Massaget.kz тілшісі осы мәселеге қатысты сарапшылармен сұхбаттасты.

Материалдың толын нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

«Су тапшылығына үнемдеп пайдаланбау әсер етіп отыр»

Қазақстанның су шаруашылығы министрлігін 20 жыл басқарған гидротехник Нариман Қыпшақбаевтың айтуынша, су тапшылығы барлық салаға да кері әсерін тигізеді.

«Жалпы тек ауыл шаруашылығына ғана емес, өнеркәсіп, энергетика, кеме қатынасы, экологиялық қажеттілік, қай-қай жағынан да кез келген салаға су тапшылығы кері әсерін тигізеді. Бүкіл әлемдегі су ресурсының құндылығы экономиканың бірде бір саласы сусыз өмір сүре алмайтынында болып тұр. Кез келген аймақ сусыз өркендей алмайды. Сондықтан су үнемдеу үшін озық технология енгізіп, су ресурсын қорғау қажет. Жалпы бүкіл әлемдегі тұщы суға сұраныс халық пен экономиканың өсуіне байланысты көбейеді. Сондықтан да, кез келген мемлекет осыған назар аударуы қажет. Бұл мәселені шешу үшін университетте мықты мамандарды даярлауға жақсы көңіл бөлу керек. Жүрдім-бардым еңбек ететін қызметкерден су мәселесіне «басы ауыратын» жанашыр адам шықпайды. Осы салада көп тәжірибем болғандықтан, мұның қаншалықты маңызды екенін білемін», — деді экс-министр.

Экс-министр еліміздегі су тапшылығы мәселесінің басты себебі Қазақстан аумағы арқылы өтетін өзендердің жартысынан көбі өзге елдерден бастау алуында екенін айтты.

«Су тапшылығына халықтың суды тиімсіз пайдалануы да әсер етіп отыр. Білсеңіздер, қазіргі таңда Қазақстан су тұтыну көлемі бойынша әлемде 11-орында тұр. Жан басына шаққанда әр адамға 3,5 мың литрден келеді. Ал Ресейде бұл көрсеткіш 1,3 мың литр болса, Германияда бар болғаны 855 литр, Ұлыбританияда 348 литр екен. Біз айтып отырған ауыз су мен шаруашылыққа арналған суға деген тапшылық бойынша Қазақстан Азиядағы Бангладеш, Үндістан мен Қытайдан кейінгі 8-орында тұр. Басқа аймақпен салыстырғанда қазіргі уақытта Сырдария, Орал, Іле, Шу мен Талас өзендерінің бассейнінде және орталық аймақтарда су тапшылығы қатты сезіледі. Ал оңтүстік өңірдің егістік алқапты суаратын, өнім өндіретінін, ауыл шаруашылығын дамытып отырғанын ескерсек, қаншалықты зардап шеккенін бағамдай беріңіздер», — деді Нариман Қыпшақбаев.

Материалдың толын нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Источник: tengrinews.kz

Top.Mail.Ru