«Ата-анама Дубайға жолдама сыйлап, пәтер мен екі көлік алдық». Кондитерлік дүкеннің иесі кәсібінің құпиясын бөлісті
Алматы қаласындағы кондитерлік дүкендердің бірі мүгедектігі бар балалар пен көпбалалы отбасыларға ай сайын тегін торт таратады. Бұл кәсіпті Айзада Қасымхан студент кезінде қазіргі күйеуімен бірге ашқан. Бұл саладағы қиындықтар мен нәтижелер туралы Massaget.kz тілшісі кәсіпкермен сұхбаттасты.
«Бір айда торт пісіріп үйрендім»
Айзада Қасымхан Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін 2020 жылы ақпараттық технологиялар мамандығы бойынша тәмамдаған.
«Университетте әскери кафедраны да қатар оқып, лейтенант деген шен алдым. Жақында тұрмысқа шықтым. Қазір бір баламыз бар. Кәсіп ашуымның өзі қызық болды. Күйеуім Елмұратпен Алматыдағы мектепте бір сыныпта оқыдық. Кездесіп жүрген студенттік шағымызда екеуміз қонаққа бардық. Сол кезде біреу «Молочная девочка» тортын дайындаған. Елмұрат соны сүйсініп жеп, мақтады. Сосын менен «торт пісіре аласың ба?» деп сұрады. «Иә» дедім. Бірақ пісіре алмайтынмын. Содан кейін «жаз шыққан соң торт пісіріп үйренемін» деп шешім қабылдадым», — деді ол.
Сөйтіп, бір ай кондитердің көмекшісі болып жұмыс істеген.
«Толық жұмыс процесін көрдім. Оған дейін еш жерде жалдамалы жұмыс жасап көрмегендіктен, физикалық жұмыс өте ауыр тиді. Сол үшін бір айдан ұзақ уақыт істей алмадым. Жұмыс кестесі қолайсыз болды әрі бір айдағы еңбегіме келісілген сомадан өте аз жалақы төледі. Қателеспесем, 50-60 мың теңге шамасында болды. Негізгі мақсатым осы саланың қыр-сырын үйрену болғандықтан, өзіме қажеттілерін үйренген соң кетіп қалдым», — деді ол.
Материалдың толық нұсқасын мына сілтемеден оқи аласыздар.
Источник: tengrinews.kz