35 баланы асырап алған Әмина апа: «Жолдасым қарсы болды»

«Жетім көрсең, жебей жүр» деген нақылдың түбінде қаншама салмақты ой жатқанын кез келген адам сезіне бермейді. Ал «Перзент» балалар үйінің басшысы Әмина Қажы Әжібаева осы бір ауыр жүкті отыз жылға жуық арқалап келеді. Кішкентайынан жетім балаларды бауырына басып, олардың ыстық-суығына төзіп жүрген Әмина апамен Massaget.kz тілшісі жүздесіп, сұхбаттасты.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

«Негізі балаларды жек көрген адаммын»

Әмина апа Қазақстанға 1961 жылы 4 жасында көшіп келген.

«Біз 1961 жылы әке-шешемізбен бірге Қытайдан Зайсанға көшіп келдік. Қытайда өте ауқатты тұрдық. Алтын шығаратын жеріміз болды. Бәрі есімде. Негізі Қазақстан арқылы Австрияға кетпек болғанбыз. Бірақ алтынмен ұсталып қалдық. 1969 жылға дейін бізді Зайсаннан шығармады. Сөйтіп, 1969 жылы үлкен әпкем найман жігітке сол жаққа тұрмысқа шықты. Анам «біз кетеміз, бірақ бұлардың балалары Алматыға келгенде қайда жатады?» деп Алматыға келіп, үй салмақшы болды. Енді құрылысы басталған кезде 41 жасында анамыз қайтыс болды. 16 жасымда екі сіңліммен өзім қалдым. Ең кіші сіңлім 3-те болды.

Кішкентай кезімнен өткір болдым. Өсек-ғайбатқа жоқпын, еркек мінездімін. Көп қиындыққа мойынсұна бермеймін. Еркелейтін адамымыз да болмады. Әкем анам қайтқан соң бірнеше рет үйленді. Төрт өгей шешені көрдік. Ешқайсысының да бізге, әкемізге жаны ашымады. Тек дүниемізді алып кете беретін. Сосын әкем «мыналардың біреуі де әйел болмайды екен, балам, одан да сенімен тыныш отырайын» деді. Төртінші өгей шешеміз кетерде кішкентай 6 жастағы қызын бізге қалдырып кетті. Екі сіңлім көбейіп, үшеу болды. Қазір әлі күнге дейін жақсы араласамыз. Ұл-қыздары бар», — деді ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ?ПЕРЗЕНТ? (@perzent_kz)

Әкесі 71 жасында дүниеден озған.

«Негізі мен балаларды жек көрген адам болдым. Енді өсіп келе жатқан кезімде анасыз қалып, сіңлілерімді жеткіздім. Сол кезде бір көршіге кіріп, жағдайымызды айтпайтынбыз. Өте жігерлі болып өстік. Соның әсерінен бе, сіңлілеріме «іштегі сырды ешкімге айтпаңдар, ешкім көмектеспейді» деп айтатынмын. Өзім де сондай болдым. Біреудің есігіне барып, «жәрдем бер» деп жалынбадым.

Әкем «тұрмысқа шық, балам, болмаса екі ұл, екі қыз асырап ал» деп жиі айтатын. Оның айтқанын мазақ қылып, «баймын ғой мен, 4 бала емес, 15 бала асыраймын, жағдайым жетеді» деп айтатынмын. Сол кезде әкем қолын жайып, «15 болсын, 50 болсын, көп бала нәсіп ет балама» деп дұға ететін. Әкемнің ризашылығын, батасын көп алғанмын. 71 жасында өмірден өтерде бір ұйғырдың қолымды сұрап келіп жүргенін айтты. «Балам, бір ауыз сөзімді жерге қалдырма, осы адамға тұрмысқа шық, мені жерлеген соң ертесіне некеңді қидыр» деп аманаттады. Әкем айтқандай, ертесіне некемізді қидық. Бірақ ана жігітке қарағым келмеді. Бір жағынан өлім боп, халық келіп жатыр. Содан жігітке «қажылыққа барғың келе ме, ақшасын төлейін» дедім. Ол бірден келісті, сосын Меккеге кетті. Ол жақтан үш айдан соң қайтып келді. Сөйтіп бірге тұрдық. Сол кісіден екі қызым бар. Ал жалпы төрт балам бар. Үлкен қызым жәрдемші болып, ылғи қасымда жүреді. Екінші қызым Ақтауға тұрмысқа шықты», — деді Әмина апа.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Источник: tengrinews.kz

Top.Mail.Ru