«Туыстарына малын жайғызған». Қорғалжыңдағы мемлекеттік қорықта заңсыздықтар анықталды

Қызыл кітапқа енген қоқиқаздардың Отаны саналатын Қорғалжың қорығында мемлекеттік қорықты қорғайды-ау деген қорықшы-инспекторлардың өздері заңды өрескел бұзғаны анықталды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Ерекше қорғалатын аумақта мемлекеттік қорық инспекторлары мен басшылығы өзінің туған-туыстарына заңсыз болса да шөп шауып, малын жайғызған.

Арнайы жүргізілген прокурорлық тексеріс кезінде қорық аумағында 700-ден астам жылқы алаңсыз жайылып жүргені анықталды. Жылқылар қорықтың мемлекеттік инспекторларының туысқандарына тиесілі болып шықты.

«Қорық режимінің бұзылып, қызметтік мүддеге қарама-қайшы болса да өз өкілеттілігін қолданып, заң бұзғаны үшін үш бірдей қорық инспекторы жұмысынан босатылды. Оның ішінде табиғи кешенді қорғау жөніндегі бөлімнің басшысы да бар», — дейді Ақмола облысы прокуратурасының баспасөз хатшысы Меруерт Байболова.

Қазіргі уақытта қорық басшысына қатысты қызметтік тексеріс жүргізіліп жатыр.

Источник: tengrinews.kz

Top.Mail.Ru