«Өмір деген жизнь және Smack that!» 2023 жылы шенеуніктердің біртүрлі мәлімдемелері
Еліміздегі шенеуніктердің кейбірі еліміздің рекордтық көрсеткішке жеткенін айтып асықса, енді бірі нақыл сөз шығарғанды жақсы көреді. Massaget.kz тілшісі 2023-тің ең біртүрлі бірақ маңызы бар мәлімделеріне шолу жасады.
Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.
«Интернет сапасы жағынан Токиодан оздық»
Биыл шілдеде Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин интернет тарифтерінің бағасына қатысты сұраққа жауап бере отырып, көпті таңғалдырған мәлімдеме жасады.
Ресми түрде біздің министрлік заңды түрде (автор — тарифтерді реттеу) ондай реттеу механизмі және оны реттеу функциясы жүктелмеген. Ұялы байланыс операторларының 4G және 3G-ден 5G-ге көшу жұмыстары іске асып жатыр. Техникалық ақаулар болып тұрады. Speedtest халықаралық рейтингі Астананың 35 сатыға жоғарылағанын, яғни 35 қаланы басып озғанын көрсетіп отыр. Біз қазір Токионы да басып оздық, — деп Бағдат Мусин үкімет кулуарында.
Фото: Massaget.kz
Бұл сұрақты журналистер Бағдат Мусиннің өзіне қойып көрді. «Шынымен сіз солай ойлайсыз ба?» деп.
@egovpress #мусин #токио #интернет ♬ оригинальный звук — EGOV.PRESS
«Мен халықаралық рейтингтер жайлы пікір білдіре алмаймын. Ол рейтингті мен жасамаймын. Бірақ егер Қазақстанның азаматы мен Токио азаматы қолданатын интернет желісінің сапасын салыстырсақ, біз менің пайымыма емес, халықаралық зерттеулерге сүйенуіміз керек», — дейді Мусин.
Астанаға көшіп келушілер саны шектеледі
Премьер-министрдің орынбасары экс-министр Тамара Дүйсенова Астанаға келетін халықтың саны реттелетінін айтып, көпшіліктің шамына тиді.
Фото: Massaget.kz
«Астана қаласында 1 млн-нан аса адам тұрып жатыр. Бұрынғы Ақмола қаласы 300 мың адамға ғана есептелген. Бүгінде қала халқының саны 1 млн-нан асты. Жастар оқуға келіп жатыр, (қалада) жұмыс орындары ашылып жатыр. Елордадағы бүгінгі инфрақұрылым халыққа (тиісті жағдай жасауға – автор) мүмкіндік бермей жатыр. Егер Астананың көлемі кеңейіп, мүмкіндіктер жасалса, әсіресе, әлеуметтік инфрақұрылым салынса, онда қарастыруға болады. Қазір осындай шешім қабылдауға тура келеді», — деді Дүйсенова.
Кейін вице-премьер үкіметтегі мәлімдемесін көпшілік басқаша түсінгенін, Астанаға келуге шектеу болмайтынын айтты.
«Қазақстанның азаматтары үшін Астанаға келіп тұру, кіру, шығу бойынша шектеу болмаған және болмайды да. Конституцияға сәйкес осы күнге дейін елордаға келу мен кетуге ешқандай шектеу болмаған. Осыны барлығыңызға жеткізейін деп едім. Үкімет отырысында Бас жоспардағы шектеу жайлы айтылды. Ішкі көші-қонушыларды тұратын жер бойынша саяжай және бау-бақша серіктестеріне есепке қою алып тастау ұсынылды. Қазір тұруға арналмаған орындарға адамдарды тіркеуге болмайды», — дейді ведомство басшысы министрлікте өткен баспасөз мәслихатында.
Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.
Источник: tengrinews.kz