«Сатпаймын!» Қазақты қуантып, Дубайда бірінші келген Кабирханның иесі сұхбат берді

12 қаңтарда Дубайдағы Мейдан ипподромында өткен беделді бәйгеде қазақстандық Кабирхан есімді тұлпар топ жарды. 2000 метр ұзындықтағы жарысқа 13 сәйгүлік қатысқан еді. Кабирхан бұған дейін де 9 жарысқа қатысып, сегізінде бірінші, тек біреуінде екінші орын алып, таңғаларлық нәтиже көрсеткен. Дубайдағы екінші бәйгеде де қазақстандық сәйгүлік бірінші келді.

Massaget.kz тілшісі ел аузында жүрген Кабирханның иесі Тілек Мұханбетқалиевпен сұхбаттасты.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

«Иесі — жеке кәсіпкер»

Тілек Мұханбетқалиевтің сөзінше, өзі — жеке кәсіпкер. Ал атбегілікке осыдан бірнеше жыл бұрын келіпті.

«Жеке компаниям бар. Сату-сатып алумен айналысамын. Ал атбегілікпен айналысқаныма 5 жылдай болады», — дейді ол.

Оның сөзінше, Кабирханнан бөлек 4 жылқысы бар.

«Олар да ұшқыр бәйгеге қатысады, Ресейде дайындалып жатыр. Кабирхан Дубайда. Қалған төртеуі Ресейде», — дейді сәйгүліктің иесі.

«Бағасы құпия, 2 жасында сатып алдым»

Көпшіліктің көзі түсіп, қызыққан сәйгүлікті иесі осыдан 2 жыл бұрын сатып алған екен. Алайда қанша теңгеге сатып алғанын айтуды құп көрмеді. Сонымен қатар, ол Кабирханды сатып алуға ұсыныс түсіп, өзі таңдап алғанын айтты.

«Кабирханды 2 жасында сатып алдым. Бірінші иесі Алматыда тұрады. Құпия (қаншаға сатып алғаны — еск.)», — дейді ол.

Тілек Мұханбетқалиев Кабирханның ағылшын тұқымды жылқы екенін растады.

«Ағылшын тұқымы, АҚШ-та туған, қазір 4 жаста. Қазақстанда 2 жасында 3 рет жарысқа қатысты. Сосын 3 жасында Ресейге жібердім. Ресейде жарыс көп, рейтингі жоғары. Бізде аламан бәйге, қазақтың бәйгелері дамыған, ол жақта ұшқыр бәйге дамыған. Сондықтан Ресейге жібердім. Ресейде баптаған соң алты рет шапты, бес рет бірінші болып келді. Бір рет екінші келді. Содан кейін өзім Дубайға жіберуді шештім», — дейді ол.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Источник: tengrinews.kz

Top.Mail.Ru