Өскемен тұрғындары қармен бірге жолдың еріп жатқанына шағымданды
«Қармен бірге жолдарымыз да еріп жатыр». Шығыстағы тұрғындар осылай дабыл қағып отыр, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.
Тіпті, қала аумағынан тыс, аудандардан келіп жүретін такси жүргізушілері де бұдан әбден қажығандарын айтты. Тұрғындар алып шұңқырлардан бөлек, шаһардың қақ ортасында да дөңгелек пен «ходовкаға» нұқсан келтіретін ойдым жерлердің әр жылы жөнделмей жататындығына қапалы.
«Күнде жолаушы тасып, әрлі-берлі қатынаған біз де шұңқырлардан қашып үлгермей қаламыз. Өскеменнің өзінде асфальтталмай жатқан аумақтарды сөз еткенде, шет жақтағы Согра, Ахмер, Меновное кенттеріндегі жағдайды айтпай-ақ қояйық. Кейде министрлер келеді деген кезде әр жерді бір бітегендей болады. Ұзын көшелерден бөлек, аула ішіне кірсек, еріген су сел болып ағады. Қар еріп жатыр, бірақ сонымен бірге жолдар да еріп кеткендей», — деді тұрғын Мәди Омарбеков.
Massaget.kz / Асыл Бигелді
Серік Мұхаметқалиев есімді азамат биыл облыста «Жол жылы» деп жарияланғанын ескере келе, әкімдік өкілдерінің пәрменімен олқылық реттеледі деп үміттенеді.
Дегенмен «Таза Өскемен» мекемесі аталған тақырыпқа қатысты ақпаратпен бөлісті. Олардың мәліметінше, қазіргі уақытта қала көлемінде шұңқырларды бітеу жұмыстары жүріп жатыр.
«Бірақ бұл жол жабынын технологиялық жөндеу болып саналмайды. Бұған қосымша қаржы бөлінбеді. Өткен маусымда жол жөндеу кезінде пайдаланылған ұнтақталған асфальт қоспасы мен брусчатка сынықтары қолданылуда. Жол ойықтарын, автомобильдер қозғалысын қауіпсіз ету үшін осы әдіс таңдалды», — делінген мәліметте.
Шенеуніктер уақытша болса да аталған қадамды оңтайлы деп санайды. Ал тұрғындар қазіргі уақытта Жеңіс даңғылы, Буров, Астана, Крылов көшелерінде шұңқырлар кедергісіне ұшырап отырғандарын жеткізді. Қала әкімі Жақсылық Омардың ақпаратынша, биыл қаланың әртүрлі бөліктерінде асфальт ауыстырылып, екінші дәрежелі және аудандық маңызы бар көптеген учаскелер қамтылмақ.
Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.
Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Источник: tengrinews.kz