«Пластикалық құбырлардан велосипед жасап алған». Астаналық өнертапқыш баланың әкесімен сұхбат

Желіде өзіне пластикалық құбырлардан велосипед жасап алған баланың видеосы тарады. Massaget.kz тілшісі өнертапқыш баланың әкесін тауып, сұхбаттасты.

Әлеуметтік желіде өзіне сантехникалық заттардан велосипед жасап алған баланың видеосы тарады.

«Өзім жасадым. Мұнда елулік, қырықтық, отыз екілік, жиырма бестік және жиырмалық құбырлар бар», — дейді бала видеода.

Желі қолданушылары баланың тапқырлығына таңғалды. Олар бұл бала «велосипед ойлап табудың қажеті жоқ» деген танымал сөз тіркесін жоққа шығарғанын жарыса жазды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Маргулан Сейсембай (@margulan_seissembai)

Желіде тарап кеткен видеодағы өнертапқыш баланың есімі — Өркен. Оның жасы 13-те. Ол отбасымен бірге Астана қаласында тұрады. Өнертапқыш баланың әкесі — Нұрмағанбетов Ерік Өркеннің шеберлігі кішкентайынан байқалғанын айтты.

Материалдың толық нұсқасы Massaget.kz сайтында.

Наши новости теперь в WhatsApp! Подписывайтесь на наш канал в самом популярном мессенджере

Источник: tengrinews.kz

Top.Mail.Ru