Павлодар облысында құстар жаппай қырылып жатыр
Павлодар облысының Баянауыл ауданында көл жайлаған құстар жаппай қырылып жатыр, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.
Күркелі ауылдық округі аумағындағы Қосшалқар көліндегі құстардың өлексесі 600-ге жуықтаған. «Алғашқы бетте сарыала қаздар белгісіз аурудан өле бастаған еді. Енді аққулар және басқа да құстар құлап жатыр», — дейді Massaget.kz редакциясына хабарласқан ауыл тұрғындары.
Фото: Massaget.kz / Е.Базарқұл
Қазір ол жерде ветеринарлық мамандар мен Баянауыл мемлекеттік табиғи ұлттық парк қызметкерлері тазарту жұмыстарын жүргізіп жатыр. Олар тек 400 метр аумақтан 500-600 өлексені жинап өртеген. Су ішінде өлген құстар әлі де көп жатыр дейді. Қосшалқар көлінен сол аумақтағы бірнеше ауыл және жеке шаруашылықтардың малдары су ішеді. Сол себепті халық белгісіз дерт малға одан кейін адамға жұға ма деп қауіптенеді.
Фото: Massaget.kz / Е.Базарқұл
«Біріншіден бұл жерде тек суда жүзген құстар өлген. Яғни үй құстары аман. Егер құс тұмау тараған болса үй құстарына да тиер еді. Қазір патогендік сынама алынып зертханаға жіберілді. Екіншіден, біздің пайымдауымызша мал мен жануарға еш залалы жоқ. Ондай дерек те тіркелмеді» — дейді Павлодар облыстық ветеринария басқармасының бөлім басшысы Ғалым Бейсенов.
Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.
Источник: tengrinews.kz