9 жасында 9 көлік пен 1 пәтер иеленген шабандоз Хамзамен эксклюзив сұхбат

Бүгінде атсейіс пен сайыпкерлер арасында 9 жастағы Хамза мен Жұмыртұяқтың есімдері танымал. Бала кезден аламаннан топ жарып жүрген шабандоз биыл Көшпенділер ойындарында да жүлделі 2-орынға ие болды. Анасының айтуынша, ол 9 жасында 9 көлік, 1 пәтер, 70-80 миллион теңге иеленіп үлгерген. Massaget.kz тілшісі ат құлағында ойнайтын баламен және оның анасы Динара ханыммен сұхбаттасты.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Небәрі 9 жасында Қазақстан түгілі әлемді шабысына қаратқан Хамза Марланұлы жарысқа қалай дайындалғанын, Жұмыртұяқ туралы көпшілік біле бермейтін мәліметтер айтты.

«Көшпенділер ойыны жақсы, ойдағыдай өтті. Жұмыртаяқпен 5 ай дайындалдым. Бізді әкем дайындады. Жұмыртұяқ «Ақылбай» шаруашылығына тиесілі. Жылқы Марат ағаның (қожалық иесі — еск.) шаруашылығында тұрады, өзіміздің қолтумамыз, сол қожалықтан шыққан. Әкем, Марлан Бектенов — бапкер, шабандозы — мен», — дейді бала.

Шабандоз 4-сыныпта оқиды. Анасының айтуынша, жарысқа байланысты сабақтан жиі қалады. Мектепте көтермелеу жоқ, өзіне тиесілі бағаны алады.

«Мектепте мұғалімдер «мақтанамыз, мақтан тұтамыз» деп айтады. Мектепте мені бәрі таниды. Бірақ сабақты 3-ке оқимын», — дейді бала.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ʜᴀᴍᴢᴀ ᴍᴀʀʟᴀɴᴜʟʏ (@hamza_marlanuly)

Хамза болашақта жоғары деңгейдегі, әлемдік аренада өнер көрсететін шабандоз болғысы келеді. Ол — екі қыздан кейін дүниеге келген. Ата-анасы ат ұстарын еркелетіп өсірген.

«Хамза — екі қыздан кейін дүниеге келген ұл. Сондықтан ол өте ерке болып өсті. 4 жасында әкесі өз тәрбиесіне алып, атқораға апарып, атқа мінгізді. 5 жастан бастап бәйгеге шығып жүрді, 6 жасында алғашқы көлігін жеңіп алды. Жылқыға деген ынтасы жақсы, әкесі жанында, бапкері, өзі бәрін үйретеді», — дейді анасы.

Ал Хамзаның айтуынша, шабандоз болу — өз ниеті. Ол бұл қалауын әкесіне айтқан, әкесі өз кезегінде бала сөзін жерге қалдырмаған.

«Туғаннан атқа жақын болды. 9-10 айында атқа отырып, 1 жасында көкесі ағаш ат сыйлаған, сол кезде атқа отырмай, тұрып шабатын. Содан атқұмар екені белгілі болды», — дейді Динара ханым.

Хамзаның аттан құлаған кезім көп болған. Алайда бала бұдан қорқып қалмаған. Динара ханымның айтуынша, шабандоздың аяғын шығарған, жанбасын да шытынатқан, басын да жарған кезі болған. Қазір денсаулығы жақсы.

«Бәйгеден кейін ерні көгерген жоқ. Бұл шаңнан шығар. Денсаулығы жақсы. Бұл — бәйгеде жиі кездесетін жағдай. Тісі, беті шаң болып тұрады. Үйдегілер тұмауратып жатқанда, Хамза аттың жанында жүрген соң ауырмайды. Оның да пайдасы бар», — дейді анасы.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Источник: tengrinews.kz

Top.Mail.Ru