«Ел күтпеген жаңалық». Үйленгенін бірнеше жылдан кейін жариялаған жұлдыздар

Өнердегі танымалдардың көбі жеке өмірі туралы жарияға жар салуды құп көрмейді. Бұл қатарда халықтан үйленгенін жасырын ұстайтын әртістер де бар. Бірі мұны карьерасымен байланыстырады. Ал енді бірі «тіл-көз өтеді» деген сеніммен көптің назарында болмауды жөн көреді. Massaget.kz тілшісі үйленгенін жасырған қандай шоу-бизнес өкілдері барына шолу жасады.

Он жылдан кейінгі ел күтпеген жаңалық

Танымал әнші Қайрат Нұртас он жылдан аса уақыт бойы жеке өмірін құпия ұстап келді. Ал он жылдан кейін, яғни 2017 жылы қазанда өткен «Арман…» (орысша атауы «Когда ангелы спят») атты фильмнің таныстырылымында жұбайын ел алдына алып шыққан еді. Сондай-ақ, ол отбасын таныстырып, Астана мен Алматыда дүркіретіп концерт өткізген болатын. Концертте әншінің ата-анасы, әйелі және төрт баласы да өнер көрсеткен еді.

instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial

Әншінің жұбайы Жұлдыз Әбдікәрімова қазір актриса әрі тележүргізуші, тіпті блогер ретінде де көптің көзайымына айналып үлгерген. Ол Желідегі жазбаларының бірінде неке қию рәсімі кезінде қандай қызық болғанын әңгімелеген еді.

МАТЕРИАЛДЫҢ ТОЛЫҚ НҰСҚАСЫН МЫНА СІЛТЕМЕ АРҚЫЛЫ ОҚИ АЛАСЫЗДАР.

Источник: tengrinews.kz

Top.Mail.Ru