Отбасын жасырмайтын қазақстандық шенеуніктер
Бүгінде әлеуметтік желі көптеген шенеуніктің жұмысын жеңілдеткендей. Желі арқылы олар халыққа есеп беріп отыра алады. Кейде халықтың түрлі сауалына да жауап беріп жатады. Түрлі әкім не министр көбіне жұмыс барысындағы суреттерін бөлісіп жатады. Бірақ отбасын, балаларын да салып тұратын шенеуніктер бар. Massaget.kz тілшісі Желіде отбасын жасырмайтын шенеуніктерге шолу жасады.
Бағдат Мусин отбасымен
Биылғы кезектен тыс президент сайлауына әйелі және баласымен келген цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Желі қолданушыларын тәнті еткен болатын. Ол Instagram-парақшасында дауыс беру кезінде түскен суретін бөліскен.
«Бүгінгі таңымыз азаматтық борышымызды өтеуден басталды) Кішкентайымызбен бірге сайлау учаскесіне барып, еліміздің болашағы үшін өз дауысымызды бердік!», — деп жазды министр Мусин.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Бағдат Мусиннің Instagram-парақшасын қарасаңыз жұмыс барысындағы суреттеріне қарағанда отбасымен бірге түскен суреттерінде белсенділік көп болады. Мысалы әкесін туған күнімен құттықтаған мына суреті министрдің оқырмандарына ұнаған.
Фото: instagram.com/bagdatmussin
«Сіздей перзенті бар әке, уайымдамасын! Бар қазаққа қызмет ететін тамаша ұлды тәрбиелепті! Құтты болсын!», «Не деген керемет сөздер. Әкеңіздің өмір жасы ұзақ, денсаулығы мықты болсын деп тілейміз», «Құттықтаймын! Әкеңіз ұзақ жасай берсін. Сіздей ұлы бар әкеңіз бақытты!», — деген пікірлер жазылған суретте.
МАТЕРИАЛДЫҢ ТОЛЫҚ НҰСҚАСЫН МЫНА СІЛТЕМЕ АРҚЫЛЫ ОҚИ АЛАСЫЗДАР.
Источник: tengrinews.kz