ҚазҰПУ өкілдері жатақхана кезегіне қатысты видеоға пікір білдірді
Желіде Қазақ Ұлттық педагогикалық университетіндегі жатақхана кезегіне қатысты видео тарады. Университет өкілдері бұл жайтқа қатысты пікір бідірді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Видеода студенттер мен ата-аналар жатақхана кезегінде бір-біріне жабысып, терлеп, қысылып тұрғанын көруге болады.
@take_turysbek Беспредел в казнпу #fyp #bioject #elbruso #казнпу #общяга ♬ оригинальный звук — Take_videos
@ay__zhanl #казнпу ♬ Ешектын зары — Kairosh_tiktok✅
Университет өкілдері видеоға қатысты пікір білдірді. Жоғары оқу орнының баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 28 тамызда болған.
«Қазіргі уақытта университеттің 5 жатақханасындағы төсек-орындар бірінші курстан бастап халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан студенттерге үлестірілді. Жатақханадан орын алмаған 150-ге жуық студент пен ата-ана орталыққа келіп жатақханадан орын беруді талап етті. Университет басшылығы жатақханадан орын ала алмаған студенттер мен олардың ата-аналарына оқу орны студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету үшін жалға алған бірнеше хостел мен жатақханалардан орын ұсынып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді», — дейді университет өкілдері.
Фото: ҚазҰПУ баспасөз қызметінен
Алайда көптеген ата-ана орындардың жетіспеушілігіне қарамастан, балаларын университеттің жатақханаларына орналастыруды талап еткен екен.
«Бүгінгі таңда жағдай тұрақталды. Студенттердің басым бөлігі хостелдерге қоныстанды. Дегенмен, хостелдердегі ұсынылған орындардан бас тартып жатқан ата-аналар мен студенттер бар. 4 қыркүйекте бірінші курс студенттеріне жатақханаға жолдама беру жұмысы аяқталады, одан кейін талдау жасалып, оның негізінде оқу орнының жатақханасына орналасудан бас тартқан студенттердің тізімі жасалады. Резервтегі студенттер босаған орындарға орналастырылады», — дейді ЖОО өкілдері.
Фото: ҚазҰПУ баспасөз қызметінен
Университет өкілдері жатақханаларда орындарды бөлу кезінде бірінші кезекте көп балалы отбасылардан шыққан студенттерге, жетімдерге, мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға және басқа да жеңілдіктер берілген бірінші курс студенттеріне басымдық берілетінін атап өтті.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Источник: tengrinews.kz