Алматы тұрғындары салынғанына 1 ғасыр болған үйде тұрып жатыр

Алматының Түрксіб ауданында 100-ден аса отбасы қабырғасы ылғал тартып, шатыры құлауға шақ қалған үйде тұрып жатыр. Аудан орталығында орналасқан үйлер осыдан бір ғасыр бұрын бой көтеріпті. Содан бері ешқандай жөндеу көрмеген. Тіпті қаланың коммуналдық қызметтеріне де қосылмапты. Баспанамыз опырылып, үйінді астында қаламызба деп қорыққан тұрғындар жергілікті әкімдік жағдайымызды көруге келмейді деп налиды. Massaget.kz тілшісі үрей мен үміттің арасында отырған тұрғындармен тілдесіп қайтты.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.


Фото: Massaget.kz / Болат Айтмолда

Ихтияр Ермағамбетовтың бұл үйде тұрғанына биыл 20 жыл болды. 1930 жылы қабырғасы қаланған баспанамыз бір сәтте құлап кете ме деп қауіптенеді. Әкімдіктің аузынан «баспана беріледі» деген сөз шықпапты. Тек «уақыты келгенде аласыңдар деген құрғақ уәдемен қатырып келеді» дейді ол.

Тұрғын Ихтияр Ермағамбетов. Фото: Massaget.kz / Болат Айтмолда

«2003 жылы сатып алдым. Осы жиырма жылдан бері әкімдік бізді алдап келеді. Алған жылы осы келесі жылы үй сүріліп, орнына жаңа үй салынады деп айтқан еді. Одан бері осы аумақта қанша үй салынса да, бізге сол қалпы баспана берілмеді. Мына үйлердің ешқайсысында су, газ жоқ. Дәретхана сыртта орналасқан. Әкімдік өкілдері келе бермеңіз маған маған мазамды алып. Үйдің уақыты келгенде аласыз. Я болмаса үйіңізді көтеріп алып кетіңіз. Үй сіздікі, жер біздікі деді», — дейді әкімдік өкілі.

Бұл жерде тұратындардың көбі зейнет жасына шыққан адамдар. Үйлері құлай қалса үйіндінің астынан шығуға дәрменсіз.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Источник: tengrinews.kz

Top.Mail.Ru