Университет, сайт, медаль: Елбасы атауы тағы неден алып тасталды?

Қазақстанда Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ресми мәртебесі саналған «Елбасы» атауына ие болған нысандардың аты қайта өзгеріп жатыр. Massaget.kz тілшісі «Елбасы» мәртебесі қашан пайда болғанына және бұл атау қайдан алып тасталғанына шолу жасады.

13 жылға жуық уақыт: «Елбасы» мәртебесі қашан бекітілді?

«Елбасы» мәртебесі 2010 жылғы 15 маусымда, дәлірек айтқанда, Елбасы — Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті мәртебесі болып ресми бекітілді.

nazarbayev.kz

2010 жылғы 12 мамырда Мәжіліс депутаттары Назарбаевқа «Елбасы» мәртебесін беретін заң жобаларына бірауыздан түзетулер енгізді. 2010 жылғы 13 мамырда Сенат Нұрсұлтан Назарбаевқа «Елбасы» мәртебесін беретін заңнамаға түзетулерді бекітті.

Былтыр 29 сәуірде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияға түзетулер енгізу бойынша референдум жариялады, түзетулердің бірі Елбасы атағын толық алып тастау болды. Референдум нәтижесінде Назарбаев бұл мәртебесінен айырылды.

Материалдың толық нұсқасын Massaget.kz сайтынан МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы оқи аласыздар.

Источник: tengrinews.kz

Top.Mail.Ru