Ақын Серікзат Дүйсенғазының ұлы мерт болған курортқа қатысты іс қалай жүріп жатыр?

Ақмола облысы Полиция департаментінің тергеу басқармасы ақын Серікзат Дүйсенғазының ұлы мерт болған «Елікті парк» тау-шаңғы курортына қатысты іс қалай жүріп жатқанын айтты, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

«Елікті парк» тау-шаңғы курорты тұтынушылардың денсаулығына қатысты, талаптарға сай келмейтін қызмет көрсету салдарынан абайсызда адам өліміне және екі адамның денсаулығына зиян келтіргені бойынша, Ақмола облысының Полиция департаментінің Тергеу басқармасымен ҚР ҚКнің 306-бабының 3-бөлігі, 306-бабының 2-бөлігі 2-тармағымен Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелген қылмыстық-іс қозғалғанын хабарлаймыз», — делінген Полиция департаментінің Massaget.kz тілшісіне берген ресми жауабында.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу аяқталды, қылмыстық іс негізгі сот талқылауында.

«Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес сұратылып отырған өзге де ақпаратты жария ету мүмкін емес, өйткені бұл тергеу мүдделеріне қайшы келеді және олардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзумен байланысты болуы мүмкін», — делінген ресми жауапта.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Еске салайық, былтыр 2 қаңтарда ақын Серікзат Дүйсенғазының ұлы Әлихан Көкшетаудағы демалыс орнында қайтыс болған.

Сондай-ақ, кейінірек Серікзат Дүйсенғазының ұлы ажал құшқан курортта тағы екі қыз жарақат алғаны белгілі болды.

Источник: tengrinews.kz

Top.Mail.Ru