«Үгітіліп жатыр, сызат пайда болды». Алматыда жер сілкінісінен көп ғимаратқа зақым келген

Алматыда жер сілкінісінен көптеген ғимаратқа зақым келген. «Орбита — 3» шағынуданындағы 11 үйдің жағдайы мәз емес. Тұрғындар келесі дүмпуге ғимарат шыдамауы мүмкін деп қауіптенеді.

Зейнеткер Гүлсағат Ысқақова 4-қабатта тұрады. Зілзаладан түпкі бөлме мен асхана қабырғаларында сызат пайда болып, сырты түскен.

«Жер сілкінгенде асханада шай ішіп отырдық. Жиһаз, ыдыс-аяқ қозғалды. Қатты соққы болғандай әсер етті. Қорықтық. Дереу далаға шықтық», — дейді ол.

Көпқабатты үй 1970 жылы салыныпты. Тұрғындардың айтуынша, содан бері күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмеген.

Толығырақ Мassaget.kz сайтынан оқи аласыздар!

Наши новости теперь в WhatsApp! Подписывайтесь на наш канал в самом популярном мессенджере

Источник: tengrinews.kz

Top.Mail.Ru