«Не светит вам газ». Әлеуметтік мәселесі ушыққан ауыл тұрғындары жанайқайларын жеткізді

Алматы облысына қарасты Қаратөбе ауылының тұрғындары ақшасына газ қостыра алмай отыр. Мердігер компанияның айтқан қаржысын жинап, құжаттарын да реттеп қойса да газ қосатын мердігер компанияның сылтауы таусылар емес. Алғашында газ қостырғысы келген «10 адам жиналыңдар» дегенмен, кейін «35 адам болу керегін» айтқан.

Тұрғындар бар айтқанына көніп, тіпті қырық шақты үйдің қаржысын да, құжаттарын да реттеп қойса да, енді компания үйлердің арақашықтығы алыс екенін айтып сылтауратыпты. Қазір газ қостыруға кредит алып, қарызданып қауғаланып отырған ағайын не газ кіргізе алмай, не көмір ала алмай шарасыз күйде. Редакциямызға арызданған тұрғындармен Massaget.kz тілшісі тілдесіп қайтты.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Қарасай ауданына қарайтын бұл ауылға орталықтан газ былтыр кіргізіліпті. Елдімекеннің жартысына жуығы көгілдір отынмен қамтамасыз етіліпті. Алайда қалған ағайын «ақшасын төлесек те газды үйімізге дейін кіргізе алмай әлекпіз» дейді.

Фото: Massaget.kz / Жақсылық Зинешов

«Ақшамыз бен құжатымызды қабылдамайды. Газ ауылымызға кіргізілді. Мердігер компания өкілдері көгілдір отынды әрбір үйге дейін жүргіземіз дегеніне үш ай уақыт болды. 350 мыңнан тартып береміз деген. Енді кредит алып, мердігердің жауабын күтумен сарылып біттік. Алда күз келе жатыр. Газ кіргізіледі деген үмітпен көмір де ала алмай отырмыз. Қазір алмасақ бағасы шарықтап кетеді. Мына түрімізбен қыста не газ қостыра алмай, не көмір ала алмай суықта қатып қалмаймыз ба? Тіпті қазір мәселемізді кімге айтарымызды білмейміз. Бәрі бір біріне сілтейді», — дейді Тұрсынбай есімді ақсақал.


Фото: Massaget.kz / Жақсылық Зинешов

Тұрғындардың сөзінше, компания техниктері «не светит вам газ» деп төтесінен айтып кетіпті. Гауһар есімді ауыл тұрғыны «бар мәселе меморандумда ма» деп күдіктенеді. Себебі, сол меморандум аясында былтыр газ кіргізу бағасы 425 мың болса, биыл 350 мың теңгеге дейін арзандаған.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Источник: tengrinews.kz

Top.Mail.Ru