«Мен қазір қоңырат болдым». Ангола азаматы Тоқаевпен қазақ тілінде сөйлесті

Анголалық Элиша Ферейра Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен қазақ тілінде сөйлесті, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысына ресми сапары барысында Сүлеймен Демирел атындағы университетке де барған. Университетте 8500-ден аса студент оқиды, олардың ішінде Орталық Азия, Қытай, Ресей, Моңғолия, Индонезия секілді мемлекеттердің азаматтары бар.

Шетелдік студенттердің бірі — Ангола азаматы Элиша Ферейра Мемлекет басшысымен қазақ тілінде тілдескен. Ол қазір 4-курста оқып жатыр.

«Біздің университетке қош келдіңіздер. Есімім — Элиша. Анголадан келдім. Сізді көргеніме өте қуаныштымын. Қазір қоңырат болдым. Қазақ елі жасай берсін!» — дейді Элиша Ферейра.

Қасым-Жомарт Тоқаев әңгіме барысында Біріккен ұлттар ұйымында жұмыс істеп жүрген кезінде бұл елге барғанын айтқан.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Источник: tengrinews.kz

Top.Mail.Ru